QNP

Сізде сұрақ немесе ұсыныс бар ма?

+7 701 549 74 09

info@qnp.kz

«AULAFIT»

2020 жылдың мамыр айында Қазақстанда пилоттық режимде «AULAFIT» (Аулафит) әлеуметтік жобасы іске қосылды. Жобаның мақсаты – ауыл, аудан және қала тұрғындарына өз аулаларында (немесе жақын скверлерде) спортпен тегін және қолжетімді түрде айналысу мүмкіндігін беру.
Жоба авторы – Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев, ал жобаны іске асыруға қаржылай қолдау көрсеткен – қазақстандық QNP компаниясы.

Тәжірибелі жаттықтырушылардың жетекшілігімен және спорттық құрал-жабдықтарды пайдалана отырып, таза ауада спортпен шұғылдану – аула ішінде немесе жақын маңдағы скверде – ұлт денсаулығын нығайтуға септігін тигізеді. Жобаға 3 жастан 70 жасқа дейінгі тұрғындар қатыса алады.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы AULAFIT жобасына қолдау көрсетті. Жоба осы уақытқа дейін еліміздің көптеген аймақтарында сәтті жүзеге асырылды.

2023 жылдың жазында Астана қаласы әкімдігінің, Мәдениет және спорт басқармасының және спорттық-бұқаралық іс-шаралар дирекциясының қолдауымен жоба Астананың 5 ауданында, 10 аулада жүзеге асты.

БІЗДІҢ БЛОГ

«AULAFIT» ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАСЫ

2024 жылдың қысқы кезеңінде Теміртау қаласында қысқы спорттық іс-шаралар өткізу жоспарланған. Оған мұз алаңдарын ұйымдастыру, тұрғындарға коньки мен бапкерлік қызметтерді ұсыну кіреді.

2024 жылдың маусым айынан бастап AULAFIT әлеуметтік жобасы белсенді түрде дамып келеді және қала тұрғындарына дүйсенбіден сенбіге дейін 30 аулада спортпен тегін айналысу мүмкіндігін ұсынады.